Quantcast
Channel: Ғылыми жұмыстар - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all 73 articles
Browse latest View live

Туған жер тарихы

$
0
0
Туған  жер  тарихы
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Кеңес аулы
№239 орта мектептің 4 сынып оқушысы Көшербай Диас
Ғылыми жобаның жетекшісі: Сыздықова Роза

Туған жер тарихы

"Мысықтың таңғажайып қасиеті"

$
0
0
Алматы облысы
Қарасай ауданы
«Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназия мектепке
дейінгі шағын орталықпен» КММ
Тақырыбы:
"Мысықтың таңғажайып қасиеті"

Ғылыми жұмыс: Сиыр малы

$
0
0
Ғылыми жұмыс: Сиыр малы
1. Кіріспе
Сиыр малы және олардың тіршілігі -------------- 3бет
2. Негізгі бөлім
2. 1. Сиыр малының түрлері -------------------------------4-6 бет
2. 2. Сиыр малының төлі------------------------------------6-7 бет
2

Математика –шахмат тақтасында

$
0
0
Математика –шахмат тақтасында
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №209 Ануар Абуталипов атындағы орта мектеп

Жұмыстың авторы: Яхия Динара
Жұмыстың атауы: Математика –шахмат тақтасында
Жұмыстың секциясы: Қолданбалы математика
Жетекшісі: математика пәнінің мұғалімі Кесебаева Кенжайым

Жұмбақ есептер

$
0
0
Жұмбақ есептер
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
А.Абуталипов атындағы орта мектеп
Орындаған: Әшір Балнұр, 11-сынып оқушысы
Жетекшісі: Кесебаева Кенжайым Туғанбайқызы математика пәнінің мұғалімі

Жұмбақ есептер
Ғылыми жоба
Ғылыми жұмыстың мақсаты: логикалық ойлау қабілетін арттыру, оқуға саналы сезімге, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.

Қарақаттың пайдасы

$
0
0
Қарақаттың пайдасы
Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Теміртау көпсалалы "Мирас" колледжі ЖММ, арнаулы пән мұғалімі, Мұратова Ақбаян Мұратқызы.
Тақырыбы: Қарақаттың пайдасы

Кіріспе
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі» атты тұжырымдамада өсімдіктердің табиғи тіршілігі өзекті мәселе болып отыр.

«Қарақаттың шипалық қасиеті».

$
0
0
«Қарақаттың шипалық қасиеті».
Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, №2 ЖББОМ-нің бастауыш сынып мұғалімі, Мұратова Ақбаян Мұратқызы
Тақырыбы: «Қарақаттың шипалық қасиеті».

Екі тілдегі тұрақты сөз тіркестерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары

$
0
0
Қарағанды болысы, Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының №15 қазақ мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Кусаинова Кузгалдак Жанажоловна және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айкеева Гульдана Баяугалиевна
Тақырыбы: Екі тілдегі тұрақты сөз тіркестерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары

ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ ИСЛАМ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ» тақырыбындағы факультатив сабақтың бағдарламасы( жоба)

$
0
0
ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ ИСЛАМ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ» тақырыбындағы факультатив сабақтың бағдарламасы( жоба)
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы
А.Тайманов атындағы № 34 мектеп-гимназиясы
Мулдагалиева Бибигул Беибитовна

ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ ИСЛАМ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ» тақырыбындағы факультатив сабақтың бағдарламасы( жоба)

Жат әдеттен сақтан!

$
0
0
Жат әдеттен сақтан!
Жат әдеттен сақтан!
Асылтұрсын Нұртілеу Ержанұлы
№162 орта мектеп , 7- сынып оқушысы
Жаңақорған ауданы, Қожамберді ауылы.

Майдандағы әйелдер

$
0
0
Жобаның тақырыбы: «Майдандағы әйелдер» мультимедиалық жоба
Жоба қорғаушылар: Қасымова Назерке
Қайыржанов Темірлан
Жоба жетекшісі: Таудаева Рита Мұратқызы –
информатика пәнінің мұғалімі

"Тірі табиғат дүниелері"таңдау курсының бағдарламасы (7 класс)

$
0
0
"Тірі табиғат дүниелері" таңдау курсының бағдарламасы (7 класс)
Алға аудандық білім бөлімі
Аманкелді негізгі мектебі

«Тірі табиғат дүниелері»
Қолданбалы курс бағдарламасы
7 класс

"Қоңыр әулие үнгірінің зерттелуі"

$
0
0
"Қоңыр әулие үнгірінің зерттелуі"
ТАҚЫРЫБЫ: ҚАСИЕТТІ «ҚОҢЫР ӘУЛИЕ»

Окушы: Тулегенова Азия
Ғылыми жетекшісі: О.Т.Исина
«Абай Құнанбаев атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Тарих пәнінің мұғалімі

ҚАЗАҚША ПРЕЗЕНТАЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ

$
0
0
ҚАЗАҚША ПРЕЗЕНТАЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ

БАРЛЫҚ ПӘННЕН 500 ГЕ ЖУЫҚ
ҚАЗАҚША ПРЕЗЕНТАЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ

Оқушыларды ғылыми зерттеу жұмысына баулу

$
0
0
Кіріспе

Қазіргі оқу үрдісін ұйымдастыру тек қана білім берумен шектелмеуі тиіс. Шәкірттеріміздің жан жақты дамып, ойлау тәсілдерін меңгертіп, байқампаздығын арттырып, талдау жасау, салыстыра білу, қорытынды жасауға үйрету үшін оларды бастауыш сыныптан бастап ғылыми зерттеу жұмыстарына баулу қажеттігі туындайды.

Математика және табиғат

$
0
0

Тақырыбы: «Математика және табиғат»

 

Беу, табиғат тылсымың бар ғажайып...

 

Көңіл шіркін кірлесе егер қарайып,

Орман кезіп, бойымызды жазайық.

Сұлулықпен жаулап алған жанарды

Беу, табиғат тылсымың бар ғажайып.

 

Тұратұғын бізге жұмбақ сандардан,

Құзыретіңе ғалымдар да таңғалған.

Табиғаттың шеберлігі шексіз - ау

Жер, су, ауа - бір - біріне жалғанған.

 

Еккен гүлің сумен ғана өседі,

Табиғатсыз өмір де жоқ деседі.

Математик мынау жердің байлығын

Өлшеп, екшеп, саралаумен шешеді.

 

«Математика және табиғат»

 

Республикамыздың президенті Н. Назарбаев өзінің жолдауында әлемдегі ең озық 50 елдің қатарына кіру стратегиясын айқындаған болатын. Сонымен бірге Елбасы Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кіруі бағытындағы басты міндеттерінің бірі - ғылым мен білім, жаңа технологиялар бәсекелестіктің шешуші факторы екендігін атап көрсетті. Осы ғылым мен білімді меңгеру үшін ең бірінші адамның табандылығы, еңбекқорлығы, ынтасы болуы керек. Осы қасиеттер болғанда ғана адамда бәсекелестік туады.

 

Ғылыми зерттеу жұмысы да осы сияқты табандылықты, шыдамдылықты, көп ойлануды, сондай - ақ еңбекқорлықты талап етеді. Осындай қасиеттердің арқасында мектептегі математика сүйіп оқитын пәндерімнің біріне айналды.

 

Менің математика ғылымына қызығушылығымның туындауы ұстазымның жемісті еңбегі деп білемін. Осы өз қызығушылығымнан туындаған «Математика және табиғат» тақырыбын зерделеу, оның қыр - сырларын ашып, математика мен табиғаттың тығыз байланыстылығына көз жеткізу менің алдыма қойған мақсатым болатын. «Талаптыға нұр жауар» демекші, қажымас қайрат, таусылмас талап болса, зерттеулердің көптеген сырларын аша алатынымызды естен шығармауымыз керек.

 

Математика адамзат тарихында тұрмыстық мұқтаждықты қанағаттандыру мақсатында пайда болған ең алғашқы ғылым. Олай дейтініміз адамзат өзін айнала қоршаған ортадан күнкөрістік тағамдық заттардың қорын жинағанда олардың мөлшерін білу үшін санауға мәжбүр болған. Санаудың нәтижесінен сан ұғымы қалыптасқан. сонымен, сан адамзаттың ақыл - ойының жалаң туындысы емес, тұрмыстық қажеттіліктерінен бастау алған ұғым. Сандар математика ғылымының түп қазығы.

 

Орта ғасырларда ғұмыр кешкен ағылшын философы әрі табиғат зерттеушісі Роджер Бэкон (1214 - 1292) «Математика - барлық ғылымдардың тұңғышы әрі оларға пайдалы да, қажет те» деп бекер айтпаған. Ғылымдар туралы әңгіме болған бір мәселеде Роджер Бэкон математиканың маңызын «... ғылымдарға апарар жол да, ашар кілт те - математика» деп жоғары бағалаған.

Математика құралдық ғылым ретінде басқа ғылымдардың негізі болып қалмастан, ғылыми зерттеуде маңызды рөл атқарады. Ол толып жатқан ғылымдардың мәселен, сурет салу, музыка, құрылыс салу, жазу стилін кескіндеу, логика ғылымы т. б ғылымдардың дамуына негіз бола алады.

 

Зерттеу тақырыбының өзектілігі:

Ғылыми ізденістерге, өмір бойы білім алуға құштарлығын арттыру, мектепте алған білімдерін одан әрі дамыту, әлеуметтік бейімделуде әр түрлі өмірлік жағдайларда қолдана білу;

 

Мақсаты:

Табиғаттың математикамен тығыз байланыстылығын анықтай білу, көре білу, қолдану аясын кеңейту, математикалық іс - әрекетке тән ойлау сапасын қалыптастыру;

 

Міндеті:

- Математика пәніне деген қызығушылығын ояту;

- Математиканы оқып - үйренуге құмарлығын арттыру;

- Айналамыздағы табиғат пен құбылысарды тани білу дағдыларын қалыптастыру;

- Математикадан алған білімін тәжірибеде қолдана білу;

- Логикалық ой қорытындысын жасау, идеялар, гипатезалар ұсыну қабілетін қалыптастыру;

 

ІІ. Негізгі бөлім

  1. 1 Фибоначчи сандары табиғатта

Математика - қоршаған ортаның әрі нақты дүниедегі барша заттардың сан түрінде бейнеленген қатынастарын және осы заттардың кеңістіктегі пішіндерін зерттеуге арналған жалпылама ғылым болып табылады.

Итальян физигі, механигі, әрі математигі Галилео Галилей (1564 - 1642) «Табиғат математика тілімен сөйлейді: бұл тілдің әріптері - дөңгелектер, үшбұрыштар және математикалық өзге де пішіндер... Табиғат өз заңдарын математика тілімен қалыптастырады»,- деп айтқандай біз күн сайын өзімізді қоршаған табиғаттан әр түрлі өрнектерді кездестіреміз. Осыған зер салайық.

Кезінде Шығыс елдерінде саяхатта болып қайтқан итальяндық математик Пизанолық Леонардо (Фибоноччи) (1180 - 1240) Батыс Еуропа елдерінің математиктерін араб математикасының жетістіктерімен таныстырған алғашқы ғалым болған. Ол 1228 жылы өз есімімен аталған (Фибоначчи сандар) сандар тізбегін ойлап тапқан. Бұл сандардың әрбір келесі саны өзінен бұрынғы (алдында тұрған) екі санның қосындысына тең болған.

1, 1+1=2

2+1=3

3+2=5

5+3=8

8+5=13

13+8=21

21+13=34

34+21=55

55+34=89

........

Сонда ол сандар: 1, 1, 2, 3, 5, 8, 13, 21, 34, 55, 89,....

Осы сандар тізбегінің заңдылығын өзімізді айнала қоршаған ортадан кездестіруге болады. Ағаштардың жапырағы ағаш бұтақтарындағы екі жапырақтың арасына спираль тәрізді оралып орналасады екен: жаңғақ ағашының жапырағы - 1/3 айналыс жасап,

еменнің жапырағы - 2/5 айналыс жасап,

теректің жапырағы - 3/8 айналыспен,

алмұрт жапырағы - 3/8айналыспен,

талдың жапырағы 5/13 айналыспен,

ананастың ұяшықтары, күнбағыстың дәндері спираль тәрізді айналып орналасады екен.

 

Фибоначидің әрбір үшінші саны жұп сан, әрбір төртінші саны үшке бөлінетін сан, әрбір 15 - саны нөлмен аяқталады, көршілес екі сан өзара жай сандар болады.

Фибоначчи сандарының қатынастары алтын қимаға ұмтыла отырып, 1/1, 2/1, 3/2, 5/3, 8/5, 13/8,... тізбегін құрайды. Бөлшектің алымы мен бөлімі үшінші бөлшектен бастап алдыңғы екі бөлшектің сәйкес алымдары мен бөлімдерінің қосындыларынан құралған болады. Көршілес екі жапырақтың аралығындағы бұрыштары шамамен 5/3 қатынасындай болады екен.

 

Сонау мыс дәуіріндегі, яғни б. з. б 2500 - 200 жыл шамасындағы Қазақстан жерінде өмір сүрген ата - бабаларымыз Көк тәңірін бас бітімі қос шеңберден тұратын күн тәжі адам пішіні арқылы таңбалап көрсеткен.

 

Жет қат көк қабаттары

  1. Ішкі екі нүкте (Күн мен Ай) қабаты;
  2. Мүйіз қаба (Күн мен Айдың қоршауы);
  3. Жеті күн қабаты;
  4. Ішкі шеңбер қабаты;
  5. Сыртқы шеңбер қабаты;
  6. 10+10=20 нүкте қабаты;
  7. 10+7=17 нүкте қабаты;

 

Бұл күн тәжілі хақ тәңірдің суреті Алматы қаласы маңындағы Аңырақай тауының Таңбалы деп аталатын шатқалындағы жартасқа салынған таңба - бейнелер арасында сақталған.

Егер де осы суретке ой көзімен байқап қарар болсақ, онда мыс дәуірінде салынған математикадағы алтын спираль сызықтар мен нүктелерден сол кездегі адамдардың әлем құрылысы туралы түсінігі мен есептеу әдістері жайында белгілі бір болжамдық ойлар айтуға болады. Мысалы, мыс дәуіріндегі Қазақстан жерін мекендеушілердің бүкіл әлемді шеңберлерден жасалған спираль тәріздес жеті қат көктен тұрады деп шамалауы мүмкін дейміз.

Күнтәжілі көк тәңірінің суреті уақытты белгілейтін күнтізбе есебімен байланысты бейнелеу құралының қызметін атқарғаны анық.

 

  1. 2 Математика жоғары әсемдікке иегер пән.

 

Математика ақиқат қана емес, мүсіндей сұлу да суық аса жоғары әсемдікке иегер пән.

Бертран Рассел

Енді математикадағы әсемдік дегеніміз не? - деген сауалға жауап іздеп

көрелік. Ғылым және білім беру саласында еңбек ететін зерттеушілердің дені математикаға тән сұлулық сырын анық мынадай сипаттамалық ерекшеліктерімен қарайды:

 

  1. Математика - бір нәрсеге, не құбылысқа ғана байланып, таңылып қалмайтын дерексіз (абстрактылы) ғылым.
  2. Математикалық ойлар қашанда айнымайтын «алтын тізбекті» ақиқат ойлардан дедуктивтік дәлелденген логикалық ойлардың тізбесінен тұрады. Демек, математикалық сұлулық сыры оның логикалық сындарлы сипатына байланысты болып келеді.
  3. Математика тілінің дәлдігі, бірмәнділігі және ықшамдылығы оны сұлу пән деп қарауға бір негіз бола алады.

 

  1. Математиканың табиғи дүниеге, өндірістік өмірге тікелей қатынастылығы оның пайдалы да бағалы білім екенін сипаттайды. Демек, математиканың сұлулығы оның қолданыстық тиімділігіне де байланысты болып келеді. Математикаға тән бұл «сұлулық сипаттамаларын жиып, математикалық ойлар мен құрылымдар әсемдігін анықтауға жарамды қағидалар бола алады. Соларға сүйеніп: «әсем пішін (фигура)», «әдемі теорема», «сымбатты сызба», «сұлу қалыптама (формула)» деген анықтамалық ойлар айтуға әбден болады.

 

Мысалы, 1) Пифагор: «Ең сұлу пішіндеме - шар»- деп анықтаған.

2) Математикадағы ең ірі сырлы да сұлу өрнек қатарына Е - зат бойындағы Эйнштейн қалыптамасы жатады. (Мұндағы: Е - зат бойындағы энергия шамасын, m - сол заттың массасын, с=300000км/с жарықтың ауасыз кеңістіктегі тарау жылдамдығын бейнелейтін шамалар).

Әсемдік есептерінің ішіндегі ең ежелгісі және құндысы «Алтын қима» есебі.

 

«Алтын қима» туралы алғашқы түсініктер математиктер арасында Евклид «Бастамаларында» қарастырылған кесіндіні «орта және шет қатынаста бөлу» деген геометриялық салу есебін шешумен байланысты тараған. Бұл есеп қазіргі кезде мынадай мазмұнда айтылады:

Ұзындығы АВ=а болатын кесінді берілген. Циркуль мен сызғышты пайдалану арқылы осы кесіндіні ұзын бөлігінің (АС) қысқа бөлігіне (СВ) қатынасы қандай болса, кесіндінің жалпы ұзындығының (АВ) ұзын бөлігіне (АС) қатынасы сондай болатындай етіп, әр түрлі (АС СВ) екі бөлікке (АС және СВ) бөліңдер.

 

Бұл есепті алгебра «тіліне» аударып былайша айтуға болады: Берілген АВ=а кесіндіні (1) пропорциясы тура болатындай етіп, әр түрлі АС және СВ екі кесіндіге бөліңдер.

Егер АВ=а кесіндінің ізделетін ұзын бөлігін АС=х, ал қысқа бөлігін СВ=а - х деп белгілейміз. Сонда (1) пропорция мынадай теңдеу түрінде жазылады:

Бұдан яғни. Соңғы теңдеуді шешеміз:

Келтірілген квадрат теңдеудің түбірлері:

 

Сөйтіп, есептің шартындағы ізделіп отырған х=АС кесіндінің ұзындығын былайша анықтауға болатынын көреміз:

х=АС=

 

Практикалық тапсырма

  1. Табылған формуланы пайдаланып, АВ кесіндісінің бойына АС кесіндісін салу арқылы С нүктені тап.
  2. Табылған С нүкте есептің шартына сай келетінін дәлелде.
  3. х=АС= болатынын көрсет.

4.... болатынын көрсет.

  1. Егер а=1 деп алсақ, онда... болатынын жуық есептеп тап.

Тарихи дерек. Табиғаттағы және көркем өнер дүниесіндегі сұлу сымбатты, әдемі есеп келісті нәрселер мен құбылыстардың ұзындық бітімінде кезігетін қималық бөліктердің қатынасы, көбінесе... немесе... болып келетінін (30 - сурет) жаратылыстану ғалымдары мен өнер өкілдері алғаш байқаған.

Сымбатты ер адамның пішіндемесі - Бельведерлік Аполлонның мүсіні. Бұл мүсіндеме бітімінен АV: ЕІ= =ЕІ: АЕ теңдігі түріндегі «Алтын пропорцияларды» анықтауға болады (Проп. Цейзинг. Золотое деление, как основной морфологический закон. М., 1876ж)

Қайта өрлеу заманының заңғар ғалымы, жаңалық ашқыш, жасамгер әрі сурет өнерінің теңдесі жоқ шебері Леонардо да Винчи (1452 - 1519) теңдігі арқылы анықталатын... санының техникалық өнер жасалымдары мен көркем - сурет бейнелерінің бітімінде аса жиі кезігетін заңдылықты кескіндейтінін бақылаған. Соған қарап, Леонардо да Винчи бұл санды «алтын ан» деп атаған. Осы сөзден кейін «алтын қима» деген ұғым келіп шығады. Леонардо да Винчидің досы математик Лука Пачиоли (1445 - 1517) ұлы суретшінің кемеңгер ойының ықпалымен пропорцияның қасиеттері мен қолданыстарын баяндауға арналған «тәңір пропорциясы» деген кітап жазып, оны 1509 жылы баспадан шығарды. Осы порпорциялық қатынастың әсемдіктер бітімінде жиі кезігетінін алғаш аңғарған әйгілі табиғат танымгері И. Кеплер (1571 - 1630) бұл қатынастар теңдігін «тәңір қимасы» деп атаса керек.

Табиғаттағы ең кемел әрі сымбатты сұлу жаратылым адамның сырт пішінін келісті сурететіп салу үшін арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізген немістің математик ғалым суретшісі А. Дюрер (1471 - 1528) «Пропорциялар хақында» деген арнаулы еңбек жазған. Сол еңбегінде А. Дюрер адам пішінін сәнді сурет етіп салуға қажетті арифметикалық шкала жасап көрсетеді. Сол шкалаға қарап, адамның сырт пішіні «алтын қималық» пропорциялардан тұратынын аңғару қиын емес.

 

  1. 3 Табиғаттағы математика (видеоролик)

Біз күн сайын мүмкін болған өрнектерді көреміз. Оны ойлап табу үшін әлдекімдердің күш сарп еткенін де түсінеміз. Ал табиғаттағы кездесетін өрнектер жайлы не айтуға болады? Олар нені көрсетеді? Мысалы үшін қарды алайық. Бұл кристалдар бұлттағы су буы мұзға айналғанда жасалады. Кристалдардың өлшемдік көлеміне, биіктігіне, мөлшеріне қарай көркем, әсем, жұқа өрнектер пайда болады. Ал енді қарды жеке бөліп знр салып қарайық. Оның сәулелері қайта - қайта кіші мөлшерлердегі сәулелерді құрап, жан - жаққа тарайды. Осы сияқты қасиеті математикада фроктал деп аталады.

 

Фроктал бұл жүйелі түрде кішірею масштабында қайталанатын бір дәлел. Фроктальды құрылымның мысалдары табиғатта, тағы қайда кездеседі? Осы сияқты қасиеттерді ағаштар көрсетеді. Сабақтан бұтақ шығады, бұтақтан көлемі кішкене бұтақшалар шығады, тағы сол сияқты. Папортниктің жапырақтары да фроктальды көрсетеді. Фроктальды кескін үйлесімнің тағы бір түрі, бұл камераларға бөлінген утилустың қуыстары. Утилусқа өсе келе, бұрынғы керек емес камералардан бөлектеп жаңа үлкен камераларды құрайды.

 

Нәтижесінде ұлғая келіп, сол форманың өзін сақтайтын фроктальды спираль пайда болады. Осы сияқты спиральдарды дауыл кезінде бұлттарда, галактикадағы жұлдыздарда, күнбағыстың кәрзеңкесіндегі тұқымдарда көруге болады. Бұл спиральдың құрылымдарының негізінде не жатыр? Егер күнбағыс жайлы айтсақ, бір ерекше бұрыш маңызды рөл ойнайды. Бұл бұрыш шамамен - қа тең. Кейбір кездері оны «алтын бұрыш» деп атайды. Соның арқасында анық спиральдық бейнедегі барынша тұтас құрылым жасалады. Егер де күнбағыстың кәрзеңкесінің дамуы басқа бұрыштың астында өткен болса, айталық бұрышта онда біз күн сәулесі тәрізді тарамданған құрылымды көрген болар едік және тұқымдардың орналасуы мұндай тиімді болмас еді. Толық жете қарап тексерудің кезінде алтын бұрышпен жүйелі Фибоначи деп аталатын сандардың арасындағы ғажайып тәуелділікті байқауға болады. Бұл қатардағы әрбір келесі сан алдыңғы екеуінің жинағына (сомасына) тең. Фибоначи санын көптеген өсімдіктерден анықтап қараған қызықты. Күнбағыста 34 спираль бір бағытта оралған және 50 - і басқа бағытта оралған.

 

Бұл екі санда Фибоначи жүйелілігіне кіреді. Ананаста көбінесе сегіз немес он үш спираль болады. Спиральдық құрылымдағы гүлдердегі гүл жапырақтардың саны көбінесе Фибоначи санымен сәйкес келеді. Бұл сандардың ерекшелігі неде? Фибоначидің қатарымен жылжып отырып біз көрші сандардың арасындағы арақатынас алтын бұрыштың шамасына жақындай түсетінін көреміз. Өсімдіктердегі алтын бұрыш пен спираль сандарының арасындағы бұл қызықты математикалық байланыс бізге табиғаттағы кездестіріп жүрген өрнектеріміздің кездейсоқ пайда болмағанын есімізге салады.

 

Олардың барлығы ойластырылып бір заңдылыққа бағындырылған. Егер осы өрнектермен танысу үшін уақыт тапсақ бізді таңдандырмай қоймайды, олардың тамаша шебері жаратушы Аллаһтың, оның көрінбейтін сапалықтары әлемнің жаратылуынан көрініп тұр, өйткені олар неден жаратылған болса сол арқылы танылады.[4]

 

Қорытынды

Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім алу қажет. Өйткені тәуелсіз Қазақстанның дамыған бәсекеге қабілетті елу елдің қатарында терезесін тең ететін - білім. Қазақстан - 2050 бағдарламасын іске асыратын біздер боламыз. Ол үшін қазірден бастап барлық пәндерге көңіл бөліп, ыждаһаттылықпен оқуымыз керек.

 

Әлемге әйгілі ойшыл, философ, математик Әл - Фараби: «Табиғат математикалық және геометриялық дәлдікпен жаратылған, оны орнынан сәл қозғасаң, дүниенің тас - талқаны шығады»,- деген.

 

Әрбір табиғаттың құбылысынан математикалық заңдарды шығарып алуға болады. Математика ғылымы табиғатты адам игілігі үшін мәңгілікке сақтап қалуға көмектеседі. Математикалық білім негізі қандай сала мамандары үшін де табыс кепілі екені өмірде дәлелденген. Математикалық ойлаудың айтпаса болмайтын құдіреттілігінің күштілігі сонша, адамзаттың дүниежүзілік ғұлама, ғалым лауазымын иеленуі үшін математикалық білімнің қажетті екенін тарихи деректерден көруге болады. Зерттеу жұмысымды қорыта келгенде

 

а) Фибоначчи сандар тізбегінің заңдылығының өзімізді қоршаған табиғаттан кездестіруге болатынын көрдім. Жасыл желек ағаш жапырақтары, ағаш бұтақтарындағы екі жапырақтың арасы спираль тәрізді оралып орналасады екен.

 

ә) Алтын қиманың геометриялық фигураларды зерттеу арқылы табылған тамаша қасиетін байқаған математиктер мен суретшілер осындай қатынастарды адамның денесінен, табиғаттан іздеп тапты: ер адамның кіндігі, тамақ астынан тізе буынының төменгі жағына дейінгі аралықты алтын қима заңы бойынша қияды, ағаш бойындағы бұтақтардың, ал бұтақтар бойындағы жапырақтарды орналасуында да алтын ереже орындалады. Алтын қима өнердің геометриялық негізі деп санап, оны живописьте және архитектурада, тігіншілер де кең қолданатынын білдім. Математика ғылымы бізді қоршаған табиғатпен тығыз байланыста болуы тиіс!

 

Ұсыныс:

  1. Дәуірдің дамуына сай математиканың жүйесінің өзіндік мәнін барған сайын кеңейте түсуге, кемелдендіруге атсалысу;
  2. Мектебімізде математика пәнінен тереңдетілген сыныптар ашылса;
  3. Сыр өңірінде тереңдетілген физика - математика мектебінің ашылуына қолдау көрсетілсе;

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Базаров Қ. «Математика - ерекше ғылым»

Математика,№1, 2006жыл [6 бет]

  1. Нұрсұлтанов Қ, Нақышбекова Г. «Қызықты математика»

Таймас баспа үйі, Алматы, 2011 жыл [76 - 79 бет]

  1. Собалақов А. «Математика тарихы»

Алматы, 1966 жыл [162 бет]

  1. Интернет материалдары
  2. Я. И. Перельман «Қызықты математика»

Алматы, 1953 жыл [114 - 118 бет]

  1. Ә. Нысанбаев, Б. Сейсенов, «Математика дегеніміз не?»,

Алматы, «Ғылым», 1991

  1. Нұрқанат Көбенқұлұлы,«Математика әлемі» пәндік энциклопедия, Алматы 2011

Таңғажайып 7 саны

$
0
0

Қызылорда облысы,  Жаңақорған ауданы

Түгіскен ауылы, №256 орта мектебінің

8 сынып оқушысы Өзбек Айжан

Жетекшісі: Әбутәліпова Гүлзада

 

Тақырыбы: Таңғажайып 7 саны

 

Мазмұны

Кіріспе. ..................................................................3

  1. Негізгі бөлім. .......................................................
  2. 1. Сандардың шығу тарихы. ...............................5
  3. 2. 7 саны – қасиетті сан. .....................................7
  4. 3. 7 санына байланысты қазақ аспаптары. ..........11

Қорытынды. ..........................................................16

Пайдаланылған әдебиеттер.....................................17

 

Аннотация

Бұл жоба қазақ халқының бір санынан бастап әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік кие болатынын, мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген. Әр санның өзіндік қасиеті шариғатқа қатысты, тәрбиелік мәні, саналы орны болған.

Ұлы ғұлама, әлемнің екінші ұстазы Әбу-Насыр Әл-Фараби бұдан мың жылдан аса уақыт бұрын «адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берген білім адамзаттың қас жауы», - деген қағидасын ұстанамын.

 

Ал Пифогор болса: «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» деген екен. Ғалымдардың бұл тұжырымдарына сену-сенбеу әркімнің өз еркінде. Басқа ғылымдар мен дін қағидаларының да болжамдарға сай келе бермеуі мүмкін. Дейтұрғанмен, әр санның адам өмірінде белгілі бір маңыз иеленетін жоққа шығара алмаспыз.

Математика өмірді сан арқылы бейнелейді. Тіршілік ете бастаған алғашқы кезеңде адам баласы жазу-сызудан бұрын-ақ санауды үйренгені хақ. Сен сандарды жалықтыратын нәрсе деп ойлайсың ба? Тағы да ойланып көр. Адамдар қалай санай бастаған? Адамдар санай бастаған кезде, сірә, санау үшін қол саусақтарын пайдаланған болар. Барлық адамдарда он саусақтан болғандықтан, ондықтармен санау ыңғайлы болған. Біздің қазіргі заманда санаудағы ондық жүйесі осылай туындаған. Адамзат баласы сандардың атауын ойлап тапқанға дейін саусақтар есептеудің ең қолайлы тәсілін табуға көмектескен. Сен бірдеңе санау кезінде саусақтарыңды пайдалансаң, ешқашан да жаңылыспайсың. Саусақтарыңа қарап–ақ, сандарды атамастан оларды көз алдыңа елестете аласың. Саусақтар мен сандар арасындағы байланыс көне замандардан бері бар. Тіпті қазір де біз “сан” сөзін пайдаланамыз. Ол “саусақ” деген ұғымды білдіреді. Міне біздің зерттеу тақырыбымызға арқау болып отырған да осы сандар арасындағы 7саны және оның қасиеті.

 

Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік ие болатынын мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген.

 

Кіріспе

Математика –ғылымдардың ішінде ең ерте шыққаны, оның тарихы ғасырлар түкпірінде жазу мен сызу жоқ кезде басталған. Адамзат тағылығының даму дәуірінің табалдырығын аттап басқан заманда «артық», «кем», «үлкен», «кіші» ұғымдары туған. Бұлар кейін «тең» ұғымының шығуына негіз болған. Күн көріс қамы тіршілік үшін жүргізілген күрес ерте заманның адамдарын айналасындағы заттарды санауға, нәрселердің мөлшерін өзара салыстыруға, жыл мезгілдерін айыруға мәжбүр еткен. Заттарды санаудан 1, 2 , 3, 4, 5, … т. с. с. натурал сандар ұғымы қалыптасқан. «Нәрселерді санағанда қолданылатын сандар натурал сандар деп аталады. » Кез келген натурал санды он цифр 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 арқылы жазып көрсетуге болады. Сандарды осылайша жазу тәсілі ондық тәсіл деп аталады.

Ең алғашқы сандар, яғни цифрлар б. з. д. 2 мыңжылдықта болған деседі. Тарихқа жүгінсек, дерек көздері сандардың ежелгі Вавилонда қолданылғанын айғақтайды. Ол кезде сандар

1 мен 0-ден ғана тұрған секілді. Бірлік, ондық, жүздікті құрайтын санақ жүйесі болған. Кейіннен атақты ойшыл Пифагор сандарды 1-ден 9-ға дейін қысқартқан. Бірнеше бірліктерге бөлген. Ол өз шәкірттеріне сандар әлемді билейді деп үйреткен.

Әрбір сан, цифрдың түбінде қандай да бір ой, идея жатыр. Сол идеяның мән-мағынасын түсіну үшін ғалымдар арнайы ғылым - нумерологияны ашқан. Нумерология арқылы әр санның шығу төркінін, мән-мағынасын, оның адам өміріне деген әсерін ұғынуға болады. Нумерологияшыл ғалымдардың ойынша әр адамның жаны өзінің нумерологиялық кодымен тікелей байланысты. Ол кодты шеше білген адам өз тағдырының толық иесі бола алады.

 

Қарап отырсақ, әркімнің өзі сенетін бақытты және бақытсыз сандары болады. Біреудің бақытты саны - 13 , бақытсыз саны - 9 делік. Мұндайға шын көңілімен сенетіндер айдың 13-і күні кез келген тірлігін сенімділікпен іске асырады. Ал 9-ы күні әр қадамын абайлап басып, тіпті үйден шықпай, төрт қабырғаның ішінде күн ұзаққа қамалып отырып алатындар да бар. Cөйтіп, ол 13 саны байқалған жерде ба¬тыл жүрсе, 9-дан үнемі сақтанады. Жеке адамды қойшы, мұндай құбылыстарға жаппай халық боп сенетініміз де бар емес пе? Өзіміздегі «жеті қазына», «ер кезегі үшке дейін», «сәрсенбінің сәтті күні» ұғымдары, тұрақты көршіміз - орыстардың «қасиетті үштігі», америкалықтардың естігенде жандары түршігетін, күні бойы үреймен өткізетін «айдың 13-дегі жұмасы» тағы басқа түсініктер жоғарыда айтқанымызға дәлел бола алады.

 

Сан атаулының бәрі бірдей қолданылмайды. Атап айтсақ, ерекше мәнде қолданылатын «төрт», «жеті», «тоғыз», «қырық» сандары. Сан есімдердің ішінде кейбір сандар сандық мәнімен қатар басқа мағынада қолданылуымен ерекшеленеді. Бұндай жағдай, әсіресе осы сандардың тұрақты тіркестерде, аңыз-әңгімелерде, жыр-дастандарда, салт-дәстүрлерде және басқа дүниетанымға байланысты қолданылғаны көзге анық түседі. Сонымен бірге бұл құбылыстың тарихы да арыда жатқаны байқалады.

 

Зерттеудің мақсаты:

Жобадағы мақсат: қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін таланты мен дарындылығын, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көріну. Қасиетті сандар арқылы тәрбие берген салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалу. Сонымен қатар бұл киелі сандар туралы ең маңызды, қызықты және түсінікті нәтижелерді жинақтау. Көптеген шешілмеген проблемаларды атап көрсету.

 

Жобаның міндеттері:

– Қасиетті сандармен танысу.

– Қасиетті сандардың өмірде алатын орнын түсіндіру.

– Киелі 7 санының сандар қатарында орнын көрсету.

 

Мәселе: Білім беруде және тәрбие саласында қасиетті сандардың алатын орнын зерттеу.

Зерттелетін зат: Халықтық педагогика элементтерін кеңінен пайдалану, ұрпақ бойында адамгершілік қасиетін дамытуда пайдасы бар екенін зерттеу.

 

Жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі ерте кезден-ақ жеті санында сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын да ұлттар бар. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заң, жүйелерді жеті санымен атайды. Аллаһ Тағаладан пенделеріне түскен қасиетті кітаптардың бірі – Тауратта жеті саны 500 рет қайталанады.

Қазақтардың таным - түсінігінде Жеті ата. Бұл – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты жөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс.

Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.

 

Сондай-ақ, адамдар атасынан төмен қарай атағанда былайша ататек жалғасады: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Мұнан соң туыстың атаулар әрі қарай: жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып кете береді. Жеті аталық ұстаным әрбір қазақтың, бүкіл халықтың бабалар рухы алдында іштей жауапкершілік сезімін оятатын күшке ие.

Ол – этникалық тұтастықтың қуатты арқауы, темірқазығы. Сол себепті ата-бабаларымыз: «Жеті атасын білмеген: жетесіз», «Ата – тегін айтқанның айыбы жоқ» деп ұрпақтарына жеті атасын білуді өсиет, аманат етіп айтып кеткен. Қазақтар бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жүрежатты «Жеті пұсты» деп те атайды.

Жеті қазына. Ол жөнінде пікір таласы көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық.

Қазақтар жеті қазынаны «жеті ырыс» деп танып, оған мыналарды жатқызған: 1. Адамның ақыл-ойы, санасы. 2. Денсаулық. 3. Ақ жаулық (ердің жары). 4. Бала (өмір жалғасы). 5. Көңіл (көңіл мен пейіл кең болса, ынтымақ, береке орнайды). 6. Жер («Жерсіз – ел тұл, ерсіз – жер тұл»). 7. Ит.

 

Жігіттің жеті қазынасы

Жүрдек аты –жігіт қаны, қанаты

Қыран бүркіт – қарым күші, қуаты.

Құмай тазы - бастан берік сенімі,

Ақ мылтығы – сөнбес оты, серігі

Алмас кездік – жігіт сусы, һәм мысы

Ау жылымы – амал, айла, әдісі

Қара қақпан серті себі тірліктің

Осы жеті қазынасы жігіттің.

 

Ал, Ислам аңызы бойынша, жеті қазынаға мыналар жатады:

  1. Қыдыр (қызыр). Қыдыр дарыған адам бай болады.
  2. Бақ. Ол ерекше жаратылған құдірет иесі. Бақ дарымайды, қонады.
  3. Ақыл (Байлық пен бақыттың тірегі).
  4. Денсаулық.
  5. Ақ жаулық.
  6. Тұз (Ол – Алланың адамдар мен жан-жануарларға берген несібесі, таусылмайтын кені).
  7. Ит. (Адам Ата мен Хауа Ананың алғашқы серігі).

Қазақтардан басқа халықтарда да жеті қазына туралы өзіндік таным, түсінік бар. Мысалы, грек аңыз - әңгімелерінде жеті қазынаға мыналар жатады: 1. Көк аспан. 2. Күн (барлық зат оның шуағынан нәр алады). 3. Ай (түнгі тіршілік нәрі). 4. От (От – Күннің жердегі сүлдесі. Оны пайдалану арқылы адамдар дүниенің төрт бұрышына тарады). 5. Су. (сусыз тіршілік жоқ). 6. Жер (тіршілік анасы). 7. Ит.

Жеті қат көк. Ол – аспан әлемі туралы мифологиялық түсінік. Оның үш мағыналық сипаты бар. Біріншісі: Аллаһ Тағала аспанды жеті қабатты етіп жаратқан. «Алланың жеті аспанды қабат-қабат етіп жаратқанын көрмедіңдер ме?» (Құран Кәрім, 72 сүре, 14 аят). Екіншісі: жеті жұлдызға байланысты атау. Олар: Ай, Мер- курий (Ғұтрад), Шолпан (Зуһ-ра), Күн, Марс (Миррих немесе Қызыл жұлдыз), Юпитер (Мүштари), Сатурн (Зұхал). Үшіншісі: ежелгі түркілік мифологиялық түсінік негізіндегі мағына. Ол мұсылмандық ұғыммен сіңісіп, ұмытылып кеткен.

Жеті қат жер. Ежелгі наным-сенім бойынша олар мынандай: 1. Тұңғиық. 2. Жылан. 3. Су. 4. Қос балық. 5. Қара тас. 6. Көк өгіз. 7. Жер. Жаратылыстың сегізінші қабаты – тағдырдың талайы жазылған «лайық» атты жазу тақтасынан, тоғызыншы қабаты – «күрсі», «мінбер» және «тақ» орнатылған тәңірлер әлемінен тұрады.

Жетіқарақшы. Ол – аспанның солтүстік жарты шарындағы шоқжұлдыз. Оның 1, 8 көрінерлік жұлдыздық шамаға дейін жалтырап көрінетін ең жарық жұлдыздары – Алиот пен Дубке. Жетіқарақшының жарық жеті жұлдыздың сыртқы пішіні шөміш тәрізді. Оның шеткі екі жұлдызы бойынша Темірқазық жұлдызын табуға болады.

 

Жетіқарақшы наурыз, сәуір айларында жақсы көрінеді. Темірқазықты айнала қозғалатын жетіқарақшы арқылы жер тараптары мен түнгі мезгілді айыруға болады.

 

Аптаның жеті күні. Олар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Кемпірқосақтың жеті түсі. Жарық мынандай жеті түстен тұрады: қызыл, қызғылт-сары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін. Күн сәулесі жаңбыр тамшысына түскенде, жарықтың жеті түсі сынып, тамшы арасынан көрініп, кемпірқосақ пайда болады.

 

Жеті жарғы. Ол – Тәуке хан (1678-1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы. Тәуке хан «Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолын» одан әрі жетілдіру арқылы осынау заң жүйесін өмірге әкелген. Ол 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді. «Жеті жарғы» деп аталуы Тәуке ханның бұрынғы заңдарға енгізген жеті өзгертуіне байланысты» дейтін тұжырым бар. Ол жеті өзгеріс мынандай:

  1. «Халықтың ханы, сұлтаны, пір -әзіреті қастан өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін».
  2. «Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлсе, олардың әрқайсысына екі кісінің құны төленсін».
  3. «Сырттан кірген адам үйге кірерде мініп келген атын босағаға байлағандықтан, біреуді теуіп өлтірсе, бүтін құн, үйдің жапсарына байлаған ат теуіп өлтірсе, жарты құн, ал үйдің артына байлаған ат теуіп өлтірсе, тек ат-тон айып тартады».
  4. «Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп, қол жұмсаса, онда ол баланы ата-ана өлтірсе де ерікті, сұраусыз болады».
  5. «Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін (қол тигізбесе) қара сиырға не қара есекке теріс мінгізіп, мойынына құрым іліп, ауылды айналдыру керек».
  6. «Құйрық – бауыр жесіп, құда болған соң ақ баталы жесір басқаға кетсе, оған берілген қалыңмал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалыңмалы беріледі».
  7. «Ұры айыр түйеге нар, атқа аруана, тайлаққа, атан, тайға ат, қойға тана төлейді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді».

 

Әрине, бұл жеті өзгерістен басқа да «Жеті жарғыда» жер дауы, отбасы, неке заңы, қылмыс пен құн дауы, куәлік ету, ант беру, тонаушылық және тағы да басқа жағдайларға, рәсімдерге байланысты әдет-ғұрып, заң шаралары өз көрінісін тапқан. Жеті жұт. Бұлар:

  1. Құрғақшылық.
  2. Жұт (мал қырылу).
  3. Өрт.
  4. Оба (ауру).
  5. Соғыс.
  6. Топан су.
  7. Зілзала (жер сілкіну).

 

Жеті жоқ. Ол былай: 1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ.

 

Жеті жетім. Бұл жөнінде мынандай даналық сөздер бар: Тыңдамаған сөз жетім, Киюсіз тозған бөз жетім. Иесіз қалған жер жетім. Басшысы жоқ ел жетім. Аққу, қазсыз көл жетім. Жерінен айырылған ер жетім. Замандасы қалмаса – Бәрінен де сол жетім.

Жеті ғашық. Халықтың ән – жырында жеті ғашық мынандай екі нұсқада кездеседі:

а) Ләйлі – Мәжнүн, Жүсіп – Зылиха, Фархад – Шырын, Тахир – Зухра, Арзу – Қамбар, Уәлик – Ғарра, Уәки – Күлшаһ.

ә) Ләйлі – Мәжнүн, Жүсіп – Зылиха, Фархад – Шырын, Баһрам – Күләнда, Сейпілмәлік – Бәдіғұл, Бозжігіт – Анула (кей нұсқада Қарашаш), Зияда – Хорлы (Хорлы - Ғайын).

Әлемдегі жеті санымен аталатын кереметтер Вавилондықтардың түсінігінше, әлемде жеті планета бар. Сол себепті олардың ғибадатханалары да жеті деңгейлі. Бірқатар діндерде де жеті саны киелі: еврейлердің балауыз қойғышы, шырағдандары, менорлары жетіден.

Ислам дінінде Жеті аспан: күміс, алтын, меруерт, ақ алтын, жақұт, анартас және ғажайып жарық. Жеті шәріп: Мекке шәріп, Мәдина шәріп, Бұхар шәріп, Шам шәріп, Қатым шәріп, Құддыс (Мысыр) шәріп, Кәләм шәріп (Құран).

Жеті тозақ:

  1. Сағир.
  2. Лазо.
  3. Сақар.
  4. Жахим.
  5. Жаһаннам.
  6. Хауия.
  7. Хатома.

Христиан дінінде Жеті саны: сенім, үміт, қайырымдылық, әділеттілік, сабырлық, ақылдылық және рухтың күші.

Таурат кітабы бойынша: Құдай 1 – күні жарықты, 2 – күні аспанды, 3 – күні жерді, 4 – күні Күн, Ай және жұлдыздарды, 5 – күні балықтар мен құстарды, 6 - күні аңдар мен адамдарды жаратқан, 7 – күні дем алған. Бұл әлемді жаратуға арналған жеті күн деп аталады.

Өлімге себепкер жеті күнә:

  1. Тамақсаулық.
  2. Жалқаулық.
  3. Нәпсіқұмарлық.
  4. Өркөкіректік.
  5. Ашу.
  6. Қызғаншақтық.
  7. Сараңдық.

Бұл жеті күнәні XV ғасырда суретші Иероним жоғарыдағы суретте тамаша бейнелеген.

Әлемнің жеті кереметі Алғашқы жеті керемет:

  1. Египет пирамидасы.
  2. Вавилонның аспалы бағы.
  3. Ертедегі Артемида храмы.
  4. Олимпиядағы Зевстің мүсіні.
  5. Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы.
  6. Жерорта теңізі аралығындағы Гелиостың (Күн Құдайы) қолдан жасалған мүсіні.
  7. Александрия маягі.

Бесінші ғасырдан бері танылған 7 керемет:

  1. Рим колизейі.
  2. Александрияда жер астында жол пішінде қазылған мазарлар.
  3. Қытайдың ұлы қорғаны.
  4. Англиядағы алып тас қорған.
  5. Италиядағы Пиза қисық мұнарасы.
  6. Қытайдың Нанжин қаласындағы фарфор мұнара.
  7. Ыстамбұлдағы әулие София ғибадатханасы.

Жеті континент. Олар: Африка, Антарктида, Австралия, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка.

Гептатлондағы (жетісайыс) спорттың жеті түрі. Олар: тосқауылдармен 100 метрге жүгіру, биіктікке секіру, 200 метрге ату, ұзындыққа секіру, 800 метрге найза лақтыру.

«Жеті саны – бақытты сан, ол - адамзаттың сүйікті саны». Көп халықтың түсінігі осындай.

 

Жеті ішекті қазақтың музыкалық аспаптары Сылдырмақ.

Қазақ ерте заманда көшпенді халық болғандықтан, түрлі музыкалық аспаптарды тұрмыста кеңінен қолданған. Ағаш, қыш, темір, мүйіз сияқты күнделікті өмірде пайдаланатын шикізаттан алуан түрлі аспаптарды жасап шығарған. Алғашында ол шаруашылыққа қажет бұйым болса, кейіннен ырғақты ұстап тұратын музыкалық аспапқа айналған. Соның бірі сілкімелі аспап – сылдырмақ.

 

Әрбір ұрып ойнайтын аспаптың өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың сыр-сипаты мен ерекшелігі тембрлік және динамикалық дыбысталуына қарай айқындалады. Сондай-ақ Орта Азия халықтары мен латын америкасы елдерінде бір-біріне ұқсас аспаптар көп кездеседі. Соның бірі - маракас аспабының қазақи формасын музыканттар өзі ойлап тапқан. Халқымыз төрт түлік малдың етін жеп, көлік ретінде пайдаланудан бөлек, оның сүйегін де кәдеге жаратқан. Соның бірі - ат тұяғының дүрсілі сияқты малдың жүрісін білдіретін аспап - мүйізше. Ол ерте заманда әуенді сүйемелдеуші аспап ретінде қолданылған.

 

Шеберлер немесе музыканттар аспаптың дыбысталуына қарай оның санын қасиетті 7 санына дейін жеткізген. Ал оларға қолданылған шикізатты Қазақстанның әр аймағындағы және әр түрлі жастағы ірі қараның сүйектерінен жинайтын болған.

 

Жетіген - қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабы. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тектес етіп жасалады. Бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары салынады. Жетіген — жасалуы да, ойналу әдіс-тәсілі де өте күрделі аспап. Ертеректе ел арасында сақталған көне Жетігеннің ішегі аттың қылынан тағылып, тиектің орнына асықтар пайдаланылатын болған. Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі-берлі жылжыту арқылы келтірілген. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап Жетіген аталған. Жетігеннің ноталық жүйесін анықтаған ғалым - зерттеуші Б. Сарыбаев болды. Жетіген аспабына байланысты оны ертеде жеті ұлынан айырылған күйші - өнерпаз жасап, “Жетігеннің жеті күйін” шығарыпты дейтін аңыз бар. Аспаптық-фольклорлық музыкамызда ерекше орын алатын бұл аспап 1970 жылдан бері Т. Сарыбаев, Е. Құсайынов, С. Мерекеев, т. б. музыкашылардың орындауында жаңаша сипатқа ие болды. Жетіген аспабының қазіргі шеберлер жасаған үлгісінің дыбыс ауқымы 2 — 2, 5 октаваға дейін жеткізілді. Қазақ халық музыка аспаптары мұражайында Жетіген аспабының этнографиялық сипаттамалар бойынша жасалған көне үлгісі мен жетілдірілген үлгілері сақталған.

 

Қорытынды

Қазақ халқында 7 саны - ерте замандардан киелі сан болып есептеледі. Ол дегеніміз - 7 қазына, ұлттық тағамдардағы 7 түрлі қоспалар, әлемнің

7 кереметі, аптаның 7 күні, кемпірқосақтың 7 түсі, Жетіқарақшы жұлдызы т. б. Ертегілерде 7 батыр, 7 ағайынды, 7 ұл, 7 қыз...т. с. сияқты болып кездеседі. Бастапқыда балалар қазақ тілінде аптаның жеті күнін еске түсірді. Халқымыздың ежелгі дәстүрінің бірі, бала туғаннан кейін 7 күннен кейін тойлап, адам дүниеден өткеннен кейін 7 күннен кейін жетісін өткізеді.

 

Егер адам 7 ұлттың тілін білетін болса – дана адам болып есептеледі. Қазақтарда мынадай ырым бар, кімде-кім өз жанында жайсыздық сезінетін болса, өзінің немесе жақындарының өміріне қауіп төніп тұрғанын сезініп, киелі жұма күні - 7 шелпек пісіреді. Бұл 7 шелпекті 7 үйге таратып беру керек. Сондай-ақ шелпекті жеген адам «Қабыл болсын» деп, ал берген адам «Әумин» деп айту керек. Осы тұрғыда қазақтарда «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген мақал бар. Яғни, осылай аруақтарды еске алып отырса адамның өмірде жолы болып отырады, аруақтар қолдап, қоштап жүреді деген мағына береді. Сол себепті де 7 саны сәттілік, ырыс-береке әкелетін киелі сан болып есептеледі.

Ақыртас жөніндегі аңыз бойынша, аса зор денелі де күшті құрылысшы кетпенімен жеті жерге тастаған топырағынан жеті төбе пайда болған. Ал,

«Алпамыс батыр» эпосында Байбөрі мен Аналық бір бала көтеру үшін дүниенің жарымын аралап, жеті әулиенің зираттарына түнеп жүріп армандарына жеткен...

Иә, шынында да біздің әлемде қызықты әрі жұмбақ жайттар өте көп кездеседі. Ал, тарих дәстүріміздегі құпиялар мен ашылымдар қаншама десеңізші!

 

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Бәрі де сандар туралы, Алматыкітап 2008жыл
  2. Қазақ энциклопедиясы 3-том, Алматы 2011
  3. Жеті қазына, Сейіт Кенжеахметұлы, 1 кітап
  4. Интернет материалдарынан

 

«Сыр өңірінен шыққан әулие – Оқшы Ата»

$
0
0

 

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Жалаңтөс батыр ауылы

Қ.Пірімов атындағы №103 орта мектебінің

9 - сынып оқушысы Мырзабек Гүлжазира

Жетекшісі тарих пәні мұғалімі

Лепесов Нұрбол Мылтықбайұлы

 

 

 

«Сыр өңірінен шыққан әулие – Оқшы Ата»

 

         Сыр өңірі – сонау Бегабаттан, Фараб пен Яссыдан, Сауран мен Сығанақтан, Жанкент пен Женттен бастап, Көк теңізге немесе бір кездегі Хазар, Арал теңіздеріне дейінгі алқапта аты қалған, бүкіләлемдік жылнамада өзіндік үлкен орны бар тарихи өлке. Ол – адам баласы ежелден-ақ мекен етіп, егіншілікпен күн кешкен ежелгі қазақ жерінің шежірелі аймағы. Ғұн десек те, сақ десек те, немесе кейінгі оғыз бен қыпшақ дәуірін атасақ та, солар туралы тарихтар мен деректемелердің Сыр өңіріне соқпай кететіні некен-саяқ. Ескіше жыл санағы бойынша атақты Тұран ойпатында 210 жылдарда ғұндар (хундар) мекендеген екен. Бұл кезде сақтар Арқада, Сарыарқа жотасында күн кешкен еді.

         Сыр өңірінің төл перзенті, көрнекті әдебиетші, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор биылғы жылы туғанына 90 жыл толғалы отырған Әуелбек Қоңыратпаев өзінің «Сыр қыпшақтары» деген мақаласында Сыр елінің көп замандар бойы иран, грек, араб, ертедегі Ассирия, Бабыл (Вавилон) елдерімен көбірек байланыста болғандығын айтады.

         Біз әңгіме еткелі отырған «Оқшы Ата» мазары сонау оғыз заманының ескерткіші, батырдың басына қойылған киелі кесене болып табылады. Өйткені тағы да Әукеңе жүгенсек, ол: «Осы өңірдегі «Оқшы Ата» мазарының түп қазығын Сыр қазақтары жетік біле бермейді. Ол 1043 жылы Оғыз ұлысы кезінен қалған ескерткіштер еді. Онда Қазан Салар, Оқшы Ата мазарлары бар. 956 жылға дейін Сыр бойын түрікмендер (Жанкент), Сейілхан елі (Жент) мекендеген. Ал қыпшақтар мұнда 1723 жылғы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» кезінде қыр бойынан келген», - деп таратады. Жоғарыдағы мақаласында Әуекеңнің өзі аударған «Қорқыт ата туралы кітабында» Оқшының оғыз ханы Қазан Салардың қару-жарақ соғушы ұстасы әрі батыры екені айтылады. Ол өзінің ұстаханасын Бестам қаласында орнатқан еді деп, Бестамның тарихының әріде жатқандығын меңзейді. Бестам қаласы сөз болғандықтан тағы бір айтар жәйт, ислам дінінің әулие ғұламаларының бірі, тегі түркілік Оқшы бабамыздың ұстасы болған Баязид Бестамидің есімі осы қаламен тағдырлас болса керек. Бұл - өзінше зерттеу тақырыбы боларлық сала. Демек, Оқшы бабамыз Х-ХІ ғасырларда оғыз ұлысы немесе Қазан Салардың хандығы кезінде өмір сүрсе, онда мазарда жатқан сол – ұлы бабамыздың бейіті ХІ-ХІІ ғасырлардың ескерткіші деп берілген жөн.

         Соңғы кездегі тарихи мағлұматтарда және Әуелбек Қоңыратбаевтың түркі елінің тарихына байланысты еңбектерінде суфизм ақыны, ұлы ғұлама Қожа Ахмет Яссауидің басына Ақсақ Темір ХІҮ ғасырда алып кесене салғанға дейін Оқшы  Ата жерленген мазар Сыр бойының даңқты азаматтарын қоятын ұлттық патеон еді деген пікірлер бар. Ал осы мазарда оғыздың ұлы патшасы, «Қорқыт ата кітабындағы» Қазан салар мен біз тарихын біле бермейтін Қыш ата, Кітап ата, Хазірет ата тәрізді ірі тұлғалардың қабірлерінің болуы жоғарыдағы пікірлерді толық қуаттайды.

Егер XI-XII ғасырдан бері мың мың жылға жуық уақыт өткенін ескерсек, осындағы Асан қайғының бейіті деген киелі орын Ұлытауда да бар көрінеді.

Кезінде жазушы Қойшығара Салғарин сонау Алтайдан Атырауға дейінгі ақпаратта Қорқыт бабамыздың бейіті деген киелі орынның онға жуық екендігін айтқан еді. Өйткені қазақ халқы ежелден-ақ өздернінің киелі ұлдарын қасиет санап, пір тұтып, әруағына бас иіп,  оны өзінің ұлысына жақын жатуын қалайтын.

          Егер Қазан Салар есімін қатарынан бірнеше рет атасақ және сонан бері мың жыл өткендігін еске алсақ «Қазан» сөзінің бірте-бірте мынадай өзгеріске түсуі мүмкін екенін де байқаймыз: Қазан-Хасан-Асан. Сөйтіп бір кездегі Қазанның келе-келе Асанға айналуы мүмкін ғой. Әрине, біз бұл кесенені киелі бабамыз Асан қайғыға қимай отырғанымыз жоқ. Біздің тек тарихи танымға назар салып, екшеп, таразылар көрсек деген ойды айтқымыз келеді. Жиырмасыншы ғасырдың ұлы ғұламаларының бір Николай Реких: «Білім аңызға үңілді. Ежелгі белгілерде қанша ақиқат жасырулы. Олар қайта тірілуі мүмкін, біз оқып түсіне алсақ. Халық жанының қымбат құпияларын ашатын бағалы бүл аңыздарды жасыру кешірілмейтін қорқақтық болар еді», - деген батыл тұжырым айтқан екен. Олай болса, есімдері ел есінде қалған Қазан Салар тәрізді бүкіл бір ұлыстың қаһарманы болған тұлғаның қабірін тауып, оған бас исек несі бар.

          Қалай болғандада Оқшы ата кесенесі деп аталатын осынау оның ішінде ықылым заманнан бері-ақ ежелгі қазақ халқының ата жұрты болған Сыр өңірінің тарихында алатын орны ерекше.         

         Енді Оқшы ата туралы аңыз былай екен.

         Оқшы жас кезінде жетім қалады. Күнкөріс үшін ел аралап жүріп, жалғыз қызы бар бір кемпір мен шалға тап болады. Олар мұны өздеріне бала етіп асытап алады. Оқшы кемпірді ана, шалды әке, қызды қарындас санайды. Ержеткенде олардың асыраушысы өзі болады. Егін егіп, диқандықты кәсіп етеді.

         Жас жігіт еңбекшіл ғана емес, құдай бойына қасиет берген азамат болып ер жетеді. Оның кірпігінің қалыңдығы сондай, көзін жауып тұрады екен. Кірпігін қолмен көтеріп қалғанда бір күншілік жердегіні көретін қасиеті болады. Мал жоғалтқан адамдар жоғының дерегін білу үшін Оқшыға келеді екен. Ол кірпігін көтеріп қалып, «малыңыз пәлен жерде жайылып жүр» деп, жөн сілтейді. Барса, расында солай болып шығады. Оқшының аты елге біртіндеп осылай тарайды.

         Сол бір заманда елді қалмақ жаулап алады да, оның ханы елге өзінің тәртібін орнатады. Жебір билеуші жұртқа мынадай шарт қояды:

         - Мені күнде бір үй асырап, қалыңдыққа қызын беретін болсын!

         Хан жарлығы екі болмай, орындала бастайды. Тәлкекке түскен ел күңіреніп, күйзеліске ұшырайды. Қарсы шығар амал таппай дағдарады. Осындай күндердің бірінде ханды күтіп, оған қыз беру кезегі Оқшының ата-анасына да жақындайды.

         Оқшының күншілік жердегі егін басында арпа орып жатыр екен. Ол жаққа жүрерде, ата-анасына: - алда-жалда бір жаманшылық төнсе, атым бір хабар білдірер, бұл озбыр ханның азабынан әлі-ақ құтыламыз, - деп атын қалдырып кетеді.

         Кезек кемпір-шалдың үйіне, оның жалғыз қызына да келеді. Екі қария зар илеп жылағанда, кермеде байлаулы тұрған аты тыпыршып, зор дауыспен

кісінеп қоя береді. Кісінеген атының даусы күншілік жерде арпа орып жатқан Оқшының құлағына жетеді. Озбыр ханға қатуланған Оқшы аллаға сыйынып, бір арпаның қылтығын алақанына салып, дұшпанға бағыттап үрлеп жібереді.

         Хан қаза табады. «Жауызды өлтіріп, халықты азаптан құтқарған кім болды екен» деген түрлі әңгіме елге тарайды. Бірінің қылышы, бірінің қанжары, енді бірінің пышағы қанды талай жігіттер «ханды өлтірген мен» деп шығады. Сол кезде Оқшының ата-анасы:

         - Біздің баламыздан да сұраңдаршы, сол білер кім өлтіргенін, - дейді.

         Жиналған жұрт күншілік жердегі Оқшыға адам жіберіп, алдыртады. Келген соң, «Ханды мен өлтірдім» деп, таласқан талай азаматтарды көріп Оқшы сұрайды:

         - Хан неден өлді?

         - Жүрегінен жаралы болып өліпті, - дейді халық.

         - Онда жүрегін жарып көріңіздер, егер арпаның қылтығы жүрегіне қадалып тұрса, менің атқан  оғым, - дейді Оқшы. Расында да осылай болып шығады.

         Шын есімі Көгентүп жігіт содан былай Оқшы атанады.

 

         Қорыта айтқанда, Оқшы ата әулиелер мазаратының тарихы да сонау арыдан басталады. Кейбір ғылыми деректерге ден қойсақ, осы қасиетті мекеннің бұдан мың, мың жарым жыл бұрын-ақ бабаларымыздың Қоңыратбаев атап көрсеткендей, XIV ғасырда Қожа Ахмет Иассауидың даңқты кесенесін Ақсақ темір салғанға дейін осы Оқшы ата жері ежелгі Тұран, Оғыздар мен түркі – қыпшақтардың Бекзат азаматтары жерленген пантеон болған екен. Демек, бұл қабірстан біз білетін аталардан да басқа қадым ғасырларда жасаған небір арыс азаматтардың жатуы мүмкін. Оқшы ата, Есабыз, Асан ата, Ғайып ата, Қыш ата, Досбол би сияқты ұлылар – халық зердесінде қалғандары ғана. Бір ғана Шиелі жерінің өзінде бұдан бөлек тағы қасиетті орын бар екені белгілі. Айталық, Сығанақ, Бестам, Жүніс әулие, Бақты ата, Қабыл ата кесенелері, бертін келе бой көтерген Қызыл там, Жөлек, Бәйгеқұм, тағы басқа орындар – ата-бабамыздың қолымен тұрғызылған ұрпақтан-ұрпаққа сақталып келе жатқан қасиетті жерлер. Осының бәріне де қазақ тарихы бар. Сыр бойы халықтарының тарихы, біздің ата-бабалармыздың тарихы. Осы Сыр өңірін Оқшы батырдың рухы кезіп, Сыр өңіріне Асан қайғы желмаясының табаны тисе, Қорқыт қобызының сарыны Абылай, Кенесары хан, Ағыбай, Бөгенбай, Қабанбай, Жаназар батырлардың ат тұяғының дүбірі естілген, Досбол атамыздың билік үні сіңген.

         XIX ғасырда Шиелі өңірінде дүниеге келіп өмір сүрген, халқы үшін қызмет еткен. Қоқан хандығы мен бектеріне қарсы елдің наразылығын, қарсылықтарын бастаған, әділ билікке араласқан, от ауызды, орақ тілді бабаларымыз Бала би, Досбол, Тұрғанбай, Мыңбай, Тұрсынбай датқалардың өзі де, есімі де – біздер үшін мақтаныш.

         Біз білетін ең басты құдірет, тарих бетінің өшпейтін бір ғана ұлы күш – халық. Халық мұрасы, халықтың зердесі, халық күші, халық ерлігі еш уақытта жойылмақ емес, оларды ешкімде жоя, жоғалта алмайды. Сондықтан да егемендік оған 5-6 жыл ішінде халық тарихындағы барлық ұлы істер, ірі оқиғалар, ардақты арыстарымыз ортамызға оралып, әруақты мойындау, оған табыну, ас беріп, құран оқуға мүмкіндік туды. Әруақтарымыз түгелденіп, арыстарымыз ардақталуда. Бір қуанарлығы – қаншама қуғын-сүргін көрсе де алқымыз діни имандылғын жоғалтпапты. «Оқшы ата» әулиелер мазараты – бір қарағанда шағын мекен болғанмен, бүкіл қазақ жеріндегі, қала берді Орта Азия аумағындағы аса қасиетті орындарының бірінен саналады.  Оқшы ата бабамыз – ғұлама ғалым Ә.Қоңыратбаевтың дәлелдеуі бойынша, XI ғасырда өмір сүрген, осы өңірді жаудан қорғаған батыр. Халық қамы, халық болашағы үшін арпалысып өткен ұлы тарихи тұлға.

    

 

 

 

        

Ғылыми жұмыс: Наурыз көженің адам ағзасына пайдасы

$
0
0

Халқымыз ежелден 7 санын қасиетті дейтіні белгілі. Ұлттық таным бойынша 7 қазына, 7 ата, 7 күн, 7 қат көк, 7 музыкалық дыбыс, т.б. ұғымдарды білеміз. Осылардың қатарынан орын алатын 7 түрлі дәмнен жасалатын Наурыз көженің ерекшелігі қандай? Әр жаңа жылда дайындалатын осынау дәмнің құдіреті неде?
Судың маңызы
Су — тамақ рационының маңызды құрамдас бөлігі. Сусыз тіршілік жоқ. Адам шөлдегеннен гөрі аштыққа шыдамды келеді. Зат алмасудың барлық процестері судың қатысуымен атқарылады. Тамақты сіңіру, қанға нәрлі заттардың жетуі сұйық ортада өтеді. Зат алмасудың зиянды өнімі организмнен су арқылы шығарылады. Организмде судың жеткіліксіз болуы шөлдеуге әкеліп соқтырады да, судың артық болуы жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын қиындатады, қатты терлетеді, қалжыратады.
Су — ғажайып зат. Су бір мезгілде 3 түрлі күйінде кездеседі. Мұз — судың қатты күйі, оның сұйыққа айналуы мен булануы қатар жүреді.
Су — тіршілік көзі. Тірлігі оттегінсіз өтетін ішекте тіршілік ететін бактериялар бар. Бірақ сусыз өмір сүретін ағза кездеспейді.Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. Сондықтан ағзалар денесінің 50-90 пайызы судан тұрады. Салмағы 70 кг адамның денесінде 50 кг су бар. Оның мөлшері 17 кг-ға кемісе, адам өледі. Адам су ішпей 1 апта ғана шыдайды.
Су — табиғатта ең көп таралған зат. Жер бетінің 2/3 бөлігін су қабаты алып жатыр. Судың тағы бір кереметі — оның су қабаты, ауа қабаты, құрлық қабаты арасында тынымсыз айналыста жүретіндігі.
Судың тағы бір қасиеті — жақсы еріткіш. Ас тұзын суға салсақ, оның қатты түйіршіктері еріп, мөлдір ерітіндіге айналады. Жерге сіңген су тау жыныстарындағы әр түрлі минералды заттарды ерітеді. Бұдан судың физикалық қасиеті өзгереді. Дәм және иіс пайда болады, жылынады. Жаңа қасиеттерге ие болған жер астынан шығатын суларды минералдық сулар деп атайды. Судағы еріген заттарының мөлшері оның кездесетін жерлеріне байланысты. Ішуге жарамды суда да белгілі бір мөлшерде еріген тұздар болады. Ол адам ағзасына пайдалы, әр түрлі сырқаттардан айығуға жәрдемдеседі.
Су табиғаттағы барлық тіршілік атаулының құрамына кіреді. Көптеген өсімдіктің 80-95 пайызы судан тұрады. Адам ағзасының құрамында қанның, ас қорытатын сөлдің, сілекейдің құрамына кіреді.
«Ет етке, сорпа бетке»
Ет — ең негізгі тағамдық өнімдердің бірі. Еттің дәмі әр алуан тағамдармен жақсы үйлеседі. Қоректілігі жағынан ең құндысы әрі жұмсағы — бұшық ет. Бұлшық ет тканінің ақуызында адам ағзасына қажетті амин қышқылдары түгелдей кездеседі. Экстрактивті заттар етке хош иіс беріп, ас қорыту бездерінің қызметін жақсартады. Ет калориялық май тканьдерінің мөлшеріне байланысты. Қоректілік және дәмдік сапасы бойынша ең тәуір етте 14-19 пайыз ақуыз, 12-15 пайыз май болады.
Еттің құрамында су (73-77 пайыз), ақуыз (18-21пайыз), май (1-3 пайыз), дәрумендер (В1, В2, В6), минералды тұздар, экстрактивті заттар бар.
В1 ағзада зат алмасу үшін керек. Бұл дәрумен жетіспегенде, адам дел-сал болады. Ас қорыту процесі бұзылады. В1 дәруменінің ой және дене еңбегімен көп шұғылданғанда, суықта ұзақ болғанда қажеттілігі мол.
В2 жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік береді. Ағзаның бірқалыпты өсуіне қажет.
В6 дәрумені жетіспесе, балалардың бойының өсуі тежеліп, қан аздыққа әкеп соқтырады.
Пісірген кезде ет 40 пайыздай салмағын жояды. Одан суы, экстрактивті заттары, минералды тұздары бөлінеді де, ерітіндіге айналып, сорпаға шығады.
Наурыз көжеге арнайы сойылған қойдың басын, етін салады.

Сорпа
Сорпаның азықтық нәрі көп, асты жеңіл таратуға, жұғымдылығын арттыруға әсері мол. Адам ағзасына қажетті заттардың 15 пайыздан астамы осы сорпада. Сорпасы нәрлі, еті жұмсақ, татымды, дәмді болсын деген етті салқын суға салып, отты ә дегеннен күшті жақпай, жай шымырлатып қайнату керек. Ет қайнап жатқанда көбірек сапырылса, сорпа дәмді және құнарлы болады.
Сүт
Сүт — сүтқоректі жануарлардың сүт бездерінен бөлінетін секрециялық сұйық. Сүттің өзі және одан өндірілетін өнімдер өте сіңімді және адам ағзасы үшін өте пайдалы тағам.
Кезінде академик И.П.Павлов сүтті «табиғаттың өзі дайындаған тамаша тағамы» деп бағалаған болатын. Қоректік жағынан алғанда бұл — тағамдық құндылығымен ағза үшін аса маңызды табиғи өнім.
Сүттің тарихы ертеден басталады. Археологтар бір қазбадан тапқан ірімшік қайнататын қазанды жер астында 5000 жылдай сақталған деп топшылайды.
Сүт дәрумендерге, көмірсу мен майларға, ақуыз бен минералды заттарға, микроэлементтер мен ферменттерге өте бай.
Сүт — химиялық құрамы жағынан тамаша тағам. Оның құрамында адам ағзасының қалыпты жетілуі үшін барлық зат бар. Соған орай оған физиологиялық құндылығы жағынан бірде-бір азық тең келе алмайды. Сүт басқа өнімдердің биологиялық құндылығын көтереді. Ас қорыту бездерінің жұмыс істеу қабілетін үнемі жақсартып отырады.
«Ағарған ішкен азбайды»
Құрт — ұлттық тағам. Ашыған айранды сабаға құйып, бірнеше күн іркіт жасайды. Сабада пісілген іркітті майы алынғаннан кейін үлкен қазанға құйып қайнатады. Іркіт баяу қайнап, жел көбігі таралғаннан кейін қоюланады. Суыған соң таза қапшыққа құйып, суын сорғыту үшін іліп қояды. Сары суы ағып 5-6 күн бойы әбден құрғаған соң, ұсақтап бөліп, сығып, өреге жайып кептіреді. 1-2 аптадан соң өредегі құртты қапқа салып, күн көзіне кептіреді. Құртты 2-3 жылға дейін сақтауға болады. Құрттың сарысуын сүт қосып қайнатып ірімшік жасайды. Құрт өкпе ауруына ем. Ұзақ сапарларда құрт — әрі сусын, әрі қорек. Сары суын ауырған малға ішкізеді, шаш жууға болады, тері илеу үшін малма жасайды.

Май
Май — барлық азықтардың негізгі нәрі, ең негізгі құнары. Мал майының өткірлік, дәмділік, емдік қасиеттері бар. Майлар — тағамның қажетті және ең калориялы құрамдас бөліктері.
Ағзаға 1 грамм май сіңіп тарағанда, ақуыз немесе көмірсулар тарап сіңгендегіден 2 есе артық жылу энергиясы бөлініп шығады.
Майдың тағы бір қасиеті — ол өзімен бірге пайдаланылған басқа тағамдардың жақсы қорытылып сіңуіне ықпал жасап, оларға дәмді және хош иіс береді.
Адам майлардан А, Д, Е дәрумендерін де алады.
А дәрумені көздің көру қабілетін жақсы сақтау үшін қажет. Ағзаның бірқалыпты өсуін қамтамасыз етеді. Егер бұл дәрумен жетіспесе, адамның жүзі солғын тартады, терісі, шашы құрғақтанып, қабыршықтанады, безеу бөртпелері пайда болып, тырнақтары сына береді, жарықтан жасқанып, көзі күндіз көріп, түнде көрмейді.
А дәрумені малдан алынатын тағамдарда, майда, ірімшікте өте көп кездеседі.
Д дәрумені ағзада кальций мен фосфор тұздарын сіңіруге көмектеседі. Бұл дәрумен жетіспеген жағдайда бала мешел ауруына шалдығады.
Е дәрумені бұлшық еттердің қызметін жақсартады. Ол маймен қатар жұмыртқада, сүттің құрамында болады.
«Арпа, бидай ас екен»
Тары, күріш, арпа, бидайдың тағамдық қасиеті жоғары және жұғымды калориялы болады. Олар балалар мен ауруға шалдыққан адамдарды тамақтандыру үшін ерекше қажет.
Бұл дақылдарда аз мөлшерде дәрумендер мен калий, кальций, магний, фосфор, темір тұздары болады. Сонымен қатар көмірсу мен өсімдік ақуыздарының негізі.
Ақуыз қозғалысты қамтамасыз етеді, яғни бұлшық еттердің жиырылуы мен жазылуы үшін қажет. Өкпеден сіңіріп алған оттегіні денеге таратады. Ақуыз мал мен өсімдіктен алынатын өнімдерде кездеседі. Олардан алынатын ақуызды дұрыс ұштастыру арқылы ақуызы жеткілікті тағам әзірлеуге болады.
Көмірсу бұлшық еттің, жүйке жүйесінің, жүректің, бауырдың қызметі үшін ағзаның майды қалыпты сіңіруі үшін өте қажет. Тамақ құрамында көмірсу болмаған жағдайда тамақтағы май толық сіңбейді де, денсаулыққа зиян келтіреді. Көмірсу өсімдік өнімдерінде өте көп, сонымен қатар сүтте, бауырда болады.
Ұлттық тағамдардың жұғымдыларының бірі саналып, біраз ас түрлерінің дәмін келтіретіні — тары. Тары — өте құнарлы дақыл. Оның құрамына назар аударсақ, ақуыздың 10-15, көмірсудың 59, майдың 38, күлдің 3,6 пайызы барын анықтауға болады.
«Тұзды төкпе, малды теппе»
Тұз — адам организмінің қалыпты жұмыс істеуі үшін бірден-бір қажетті зат. Ол тағамның дәмін келтірумен бірге тканьдердегі су мөлшерін реттеп, асқазан сөлінде тұз қышқылын түзеді. Адам ағзасына күн сайын тамақ арқылы орта есеппен 10-15 грамдай ас тұзы сіңіріледі. Ас тұзы тағамның барлық түріне қолданылады. Тамаққа тұзды дұрыстап салудың маңы

Наурыз көже — Ұлыстың ұлы күні жасалатын қасиетті ас. Оған тары, арпа, бидай, бұршақ, күріш сияқты жеті түрлі дән мен ақ қосылады. Түркі халықтарының ұғымында жеті саны қасиетті саналғандықтан, наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосылады. Оған қоса, ол — тоқшылық пен ырыс құттың жоралғысы. Төменде наурыз көженің даярлану үлгісін ұсынып отырмыз.

Құрамы: 1 келі ет

Қазы, қарта

100 грамм бидай

100 грамм күріш

100 грамм жарма (перловка)

100 грамм тары

Тұз

3 литр су

1 литр айран

Қазанға су құйып, ет, қазы-қартаны салып, қайнатыңыз. Алғаш қайнағанда сорпаның көбігін алуды ұмытпаңыз. 1,5-2 сағаттай қайнатып, етті сүзіп алыңыз. Енді дәндерді жақсылап жуып, бірінші бидайды салып, 5 минут қайнатыңыз. Екінші жарманы және күрішті салып,. 5 минут қайнаған соң, тарыны салыңыз. Талғамыңызға қарай тұздаңыз. Дәндер пісіп болды-ау дегенде оттан түсіріп, салқын жерге қойыңыз. Қазаннан түсірілген еттерді ұсақтап турап, барлығын сорпаға айранмен қосып араластырыңыз.

Жeл

$
0
0

Мектебі: Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы,

Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінің

оқушысы Тұрсынбай Лаура

Жетекші: физика пәнінің мұғалімі Құдайбергенова Сырғакүл

     

Мазмұны

 

 

Түйiндeмe                                                                                                        2 бeт

Кiрiспe                                                                                                             4бeт

  1. Нeгiзгi бөлiм                                                                                             8 бeт

1.1. Жeл энeргeтикасы                                                                                      8 бeт

1.2. Жeл агрeгаттары                                                                                       11 бeт

1.3. Жeл энeргeтикасы қондырғысы                                                                  14 бeт

1.4. Жeл энeргиясын пайдалану жәнe оның тиiмдiлiгi                                        15 бeт

1.5. Энeргияның балама көздeрi                                                                       24 бeт

  1. Практикалық бөлiм                                                                                  32 бeт

Қорытынды                                                                                                     33 бeт

Пайдаланылған әдeбиeттeр                                                                             35 бeт

Күндeлiк                                                                                                        36 бeт

Пiкiр                                                                                                              37 бeт

 

ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ

Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.

 

Viewing all 73 articles
Browse latest View live


<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>