Quantcast
Channel: Ғылыми жұмыстар - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 73

«Сыр өңірінен шыққан әулие – Оқшы Ата»

$
0
0

 

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Жалаңтөс батыр ауылы

Қ.Пірімов атындағы №103 орта мектебінің

9 - сынып оқушысы Мырзабек Гүлжазира

Жетекшісі тарих пәні мұғалімі

Лепесов Нұрбол Мылтықбайұлы

 

 

 

«Сыр өңірінен шыққан әулие – Оқшы Ата»

 

         Сыр өңірі – сонау Бегабаттан, Фараб пен Яссыдан, Сауран мен Сығанақтан, Жанкент пен Женттен бастап, Көк теңізге немесе бір кездегі Хазар, Арал теңіздеріне дейінгі алқапта аты қалған, бүкіләлемдік жылнамада өзіндік үлкен орны бар тарихи өлке. Ол – адам баласы ежелден-ақ мекен етіп, егіншілікпен күн кешкен ежелгі қазақ жерінің шежірелі аймағы. Ғұн десек те, сақ десек те, немесе кейінгі оғыз бен қыпшақ дәуірін атасақ та, солар туралы тарихтар мен деректемелердің Сыр өңіріне соқпай кететіні некен-саяқ. Ескіше жыл санағы бойынша атақты Тұран ойпатында 210 жылдарда ғұндар (хундар) мекендеген екен. Бұл кезде сақтар Арқада, Сарыарқа жотасында күн кешкен еді.

         Сыр өңірінің төл перзенті, көрнекті әдебиетші, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор биылғы жылы туғанына 90 жыл толғалы отырған Әуелбек Қоңыратпаев өзінің «Сыр қыпшақтары» деген мақаласында Сыр елінің көп замандар бойы иран, грек, араб, ертедегі Ассирия, Бабыл (Вавилон) елдерімен көбірек байланыста болғандығын айтады.

         Біз әңгіме еткелі отырған «Оқшы Ата» мазары сонау оғыз заманының ескерткіші, батырдың басына қойылған киелі кесене болып табылады. Өйткені тағы да Әукеңе жүгенсек, ол: «Осы өңірдегі «Оқшы Ата» мазарының түп қазығын Сыр қазақтары жетік біле бермейді. Ол 1043 жылы Оғыз ұлысы кезінен қалған ескерткіштер еді. Онда Қазан Салар, Оқшы Ата мазарлары бар. 956 жылға дейін Сыр бойын түрікмендер (Жанкент), Сейілхан елі (Жент) мекендеген. Ал қыпшақтар мұнда 1723 жылғы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» кезінде қыр бойынан келген», - деп таратады. Жоғарыдағы мақаласында Әуекеңнің өзі аударған «Қорқыт ата туралы кітабында» Оқшының оғыз ханы Қазан Салардың қару-жарақ соғушы ұстасы әрі батыры екені айтылады. Ол өзінің ұстаханасын Бестам қаласында орнатқан еді деп, Бестамның тарихының әріде жатқандығын меңзейді. Бестам қаласы сөз болғандықтан тағы бір айтар жәйт, ислам дінінің әулие ғұламаларының бірі, тегі түркілік Оқшы бабамыздың ұстасы болған Баязид Бестамидің есімі осы қаламен тағдырлас болса керек. Бұл - өзінше зерттеу тақырыбы боларлық сала. Демек, Оқшы бабамыз Х-ХІ ғасырларда оғыз ұлысы немесе Қазан Салардың хандығы кезінде өмір сүрсе, онда мазарда жатқан сол – ұлы бабамыздың бейіті ХІ-ХІІ ғасырлардың ескерткіші деп берілген жөн.

         Соңғы кездегі тарихи мағлұматтарда және Әуелбек Қоңыратбаевтың түркі елінің тарихына байланысты еңбектерінде суфизм ақыны, ұлы ғұлама Қожа Ахмет Яссауидің басына Ақсақ Темір ХІҮ ғасырда алып кесене салғанға дейін Оқшы  Ата жерленген мазар Сыр бойының даңқты азаматтарын қоятын ұлттық патеон еді деген пікірлер бар. Ал осы мазарда оғыздың ұлы патшасы, «Қорқыт ата кітабындағы» Қазан салар мен біз тарихын біле бермейтін Қыш ата, Кітап ата, Хазірет ата тәрізді ірі тұлғалардың қабірлерінің болуы жоғарыдағы пікірлерді толық қуаттайды.

Егер XI-XII ғасырдан бері мың мың жылға жуық уақыт өткенін ескерсек, осындағы Асан қайғының бейіті деген киелі орын Ұлытауда да бар көрінеді.

Кезінде жазушы Қойшығара Салғарин сонау Алтайдан Атырауға дейінгі ақпаратта Қорқыт бабамыздың бейіті деген киелі орынның онға жуық екендігін айтқан еді. Өйткені қазақ халқы ежелден-ақ өздернінің киелі ұлдарын қасиет санап, пір тұтып, әруағына бас иіп,  оны өзінің ұлысына жақын жатуын қалайтын.

          Егер Қазан Салар есімін қатарынан бірнеше рет атасақ және сонан бері мың жыл өткендігін еске алсақ «Қазан» сөзінің бірте-бірте мынадай өзгеріске түсуі мүмкін екенін де байқаймыз: Қазан-Хасан-Асан. Сөйтіп бір кездегі Қазанның келе-келе Асанға айналуы мүмкін ғой. Әрине, біз бұл кесенені киелі бабамыз Асан қайғыға қимай отырғанымыз жоқ. Біздің тек тарихи танымға назар салып, екшеп, таразылар көрсек деген ойды айтқымыз келеді. Жиырмасыншы ғасырдың ұлы ғұламаларының бір Николай Реких: «Білім аңызға үңілді. Ежелгі белгілерде қанша ақиқат жасырулы. Олар қайта тірілуі мүмкін, біз оқып түсіне алсақ. Халық жанының қымбат құпияларын ашатын бағалы бүл аңыздарды жасыру кешірілмейтін қорқақтық болар еді», - деген батыл тұжырым айтқан екен. Олай болса, есімдері ел есінде қалған Қазан Салар тәрізді бүкіл бір ұлыстың қаһарманы болған тұлғаның қабірін тауып, оған бас исек несі бар.

          Қалай болғандада Оқшы ата кесенесі деп аталатын осынау оның ішінде ықылым заманнан бері-ақ ежелгі қазақ халқының ата жұрты болған Сыр өңірінің тарихында алатын орны ерекше.         

         Енді Оқшы ата туралы аңыз былай екен.

         Оқшы жас кезінде жетім қалады. Күнкөріс үшін ел аралап жүріп, жалғыз қызы бар бір кемпір мен шалға тап болады. Олар мұны өздеріне бала етіп асытап алады. Оқшы кемпірді ана, шалды әке, қызды қарындас санайды. Ержеткенде олардың асыраушысы өзі болады. Егін егіп, диқандықты кәсіп етеді.

         Жас жігіт еңбекшіл ғана емес, құдай бойына қасиет берген азамат болып ер жетеді. Оның кірпігінің қалыңдығы сондай, көзін жауып тұрады екен. Кірпігін қолмен көтеріп қалғанда бір күншілік жердегіні көретін қасиеті болады. Мал жоғалтқан адамдар жоғының дерегін білу үшін Оқшыға келеді екен. Ол кірпігін көтеріп қалып, «малыңыз пәлен жерде жайылып жүр» деп, жөн сілтейді. Барса, расында солай болып шығады. Оқшының аты елге біртіндеп осылай тарайды.

         Сол бір заманда елді қалмақ жаулап алады да, оның ханы елге өзінің тәртібін орнатады. Жебір билеуші жұртқа мынадай шарт қояды:

         - Мені күнде бір үй асырап, қалыңдыққа қызын беретін болсын!

         Хан жарлығы екі болмай, орындала бастайды. Тәлкекке түскен ел күңіреніп, күйзеліске ұшырайды. Қарсы шығар амал таппай дағдарады. Осындай күндердің бірінде ханды күтіп, оған қыз беру кезегі Оқшының ата-анасына да жақындайды.

         Оқшының күншілік жердегі егін басында арпа орып жатыр екен. Ол жаққа жүрерде, ата-анасына: - алда-жалда бір жаманшылық төнсе, атым бір хабар білдірер, бұл озбыр ханның азабынан әлі-ақ құтыламыз, - деп атын қалдырып кетеді.

         Кезек кемпір-шалдың үйіне, оның жалғыз қызына да келеді. Екі қария зар илеп жылағанда, кермеде байлаулы тұрған аты тыпыршып, зор дауыспен

кісінеп қоя береді. Кісінеген атының даусы күншілік жерде арпа орып жатқан Оқшының құлағына жетеді. Озбыр ханға қатуланған Оқшы аллаға сыйынып, бір арпаның қылтығын алақанына салып, дұшпанға бағыттап үрлеп жібереді.

         Хан қаза табады. «Жауызды өлтіріп, халықты азаптан құтқарған кім болды екен» деген түрлі әңгіме елге тарайды. Бірінің қылышы, бірінің қанжары, енді бірінің пышағы қанды талай жігіттер «ханды өлтірген мен» деп шығады. Сол кезде Оқшының ата-анасы:

         - Біздің баламыздан да сұраңдаршы, сол білер кім өлтіргенін, - дейді.

         Жиналған жұрт күншілік жердегі Оқшыға адам жіберіп, алдыртады. Келген соң, «Ханды мен өлтірдім» деп, таласқан талай азаматтарды көріп Оқшы сұрайды:

         - Хан неден өлді?

         - Жүрегінен жаралы болып өліпті, - дейді халық.

         - Онда жүрегін жарып көріңіздер, егер арпаның қылтығы жүрегіне қадалып тұрса, менің атқан  оғым, - дейді Оқшы. Расында да осылай болып шығады.

         Шын есімі Көгентүп жігіт содан былай Оқшы атанады.

 

         Қорыта айтқанда, Оқшы ата әулиелер мазаратының тарихы да сонау арыдан басталады. Кейбір ғылыми деректерге ден қойсақ, осы қасиетті мекеннің бұдан мың, мың жарым жыл бұрын-ақ бабаларымыздың Қоңыратбаев атап көрсеткендей, XIV ғасырда Қожа Ахмет Иассауидың даңқты кесенесін Ақсақ темір салғанға дейін осы Оқшы ата жері ежелгі Тұран, Оғыздар мен түркі – қыпшақтардың Бекзат азаматтары жерленген пантеон болған екен. Демек, бұл қабірстан біз білетін аталардан да басқа қадым ғасырларда жасаған небір арыс азаматтардың жатуы мүмкін. Оқшы ата, Есабыз, Асан ата, Ғайып ата, Қыш ата, Досбол би сияқты ұлылар – халық зердесінде қалғандары ғана. Бір ғана Шиелі жерінің өзінде бұдан бөлек тағы қасиетті орын бар екені белгілі. Айталық, Сығанақ, Бестам, Жүніс әулие, Бақты ата, Қабыл ата кесенелері, бертін келе бой көтерген Қызыл там, Жөлек, Бәйгеқұм, тағы басқа орындар – ата-бабамыздың қолымен тұрғызылған ұрпақтан-ұрпаққа сақталып келе жатқан қасиетті жерлер. Осының бәріне де қазақ тарихы бар. Сыр бойы халықтарының тарихы, біздің ата-бабалармыздың тарихы. Осы Сыр өңірін Оқшы батырдың рухы кезіп, Сыр өңіріне Асан қайғы желмаясының табаны тисе, Қорқыт қобызының сарыны Абылай, Кенесары хан, Ағыбай, Бөгенбай, Қабанбай, Жаназар батырлардың ат тұяғының дүбірі естілген, Досбол атамыздың билік үні сіңген.

         XIX ғасырда Шиелі өңірінде дүниеге келіп өмір сүрген, халқы үшін қызмет еткен. Қоқан хандығы мен бектеріне қарсы елдің наразылығын, қарсылықтарын бастаған, әділ билікке араласқан, от ауызды, орақ тілді бабаларымыз Бала би, Досбол, Тұрғанбай, Мыңбай, Тұрсынбай датқалардың өзі де, есімі де – біздер үшін мақтаныш.

         Біз білетін ең басты құдірет, тарих бетінің өшпейтін бір ғана ұлы күш – халық. Халық мұрасы, халықтың зердесі, халық күші, халық ерлігі еш уақытта жойылмақ емес, оларды ешкімде жоя, жоғалта алмайды. Сондықтан да егемендік оған 5-6 жыл ішінде халық тарихындағы барлық ұлы істер, ірі оқиғалар, ардақты арыстарымыз ортамызға оралып, әруақты мойындау, оған табыну, ас беріп, құран оқуға мүмкіндік туды. Әруақтарымыз түгелденіп, арыстарымыз ардақталуда. Бір қуанарлығы – қаншама қуғын-сүргін көрсе де алқымыз діни имандылғын жоғалтпапты. «Оқшы ата» әулиелер мазараты – бір қарағанда шағын мекен болғанмен, бүкіл қазақ жеріндегі, қала берді Орта Азия аумағындағы аса қасиетті орындарының бірінен саналады.  Оқшы ата бабамыз – ғұлама ғалым Ә.Қоңыратбаевтың дәлелдеуі бойынша, XI ғасырда өмір сүрген, осы өңірді жаудан қорғаған батыр. Халық қамы, халық болашағы үшін арпалысып өткен ұлы тарихи тұлға.

    

 

 

 

        


Viewing all articles
Browse latest Browse all 73

Trending Articles